21.04.2023, 12:02 31296

Алматыда жексенбі күні көшелердің бір бөлігі жабылады

Алматыда жексенбі күні көшелердің бір бөлігі жабылады
Сурет: gov.kz
23 сәуірде Алматыда жартылай марафон өтеді

Алматы. 21 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - 23 сәуірде Алматыда Алматы жартылай марафонының басталуы Тұңғыш Президент саябағында таңғы 7:30-да, мәре орталық стадионда сағат 12:00-де өтеді.

Іс-шараның өткізілуіне байланысты 23 сәуірде сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін қашықтықтан өту орындарындағы жолдарда қозғалыс ішінара жабылатын болады, деп хабарлады қалалық әкімдік.

Ведомствоның ақпараты бойынша, жартылай марафон сөресі таңғы сағ. 7:30-да Тұңғыш Президент саябағында беріледі. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Навои көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс 23 сәуір күнгі сағ. 00:00-ден 12:00-ге дейін жабық болады. Оңтүстік жағы сағ. 7:00-ден 8:10-ға дейін жабық болады.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:15-тен 09:40-қа дейін жабық болады. Оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Сейфуллин даңғылында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:40-тан 09:00-ге дейін толық жабылады.

Абай даңғылының оңтүстік жағында Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 8:40-тан 11:10-ға дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Абай даңғылының оңтүстік жағында Сейфуллин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:50-ден 09:30-ға дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Саин көшесінің шығыс жағында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 08:30-дан 10:10-ға дейін жабылады. Батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Тұңғыш Президент саябағына автокөлікпен жету үшін ұсынылатын маршрут:

1) Мұстафин көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

2) Навои көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

3) Садықов көшесінің бойымен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

4) Дулати көшесінің бойымен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

5) Саин көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

6) Розыбакиев көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін.

21.04.2023, 17.00. Толықтырылды.

Сондай-ақ, 23 сәуірде сағат 12:00-ге дейін келесі троллейбус маршруттарының қозғалысы шектеледі: № 5, 6, 7, 9, 11, 12, 19, 25.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны