16.12.2021, 15:25 353071

Алматылықтар Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды

АЛМАТЫ. 16 ЖЕЛТОҚСАН - Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Тәуелсіздік" монументіне гүл қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"Тәуелсіздік" монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

Сонымен қатар, гүл шоқтарын желтоқсандықтар, партиялар мен азаматтық қоғам өкілдері, ауған және чернобыль жауынгерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Nur Otan партиясының жастар қанатының өкілдері қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны