15.06.2021, 18:39 17464

Алматының кейбір үйлерінде бір күнге суық су өшіріледі

Су құбыры желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін суық сумен жабдықтауды уақытша өшіру қажет.
АЛМАТЫ. 15 МАУСЫМ - Алматыда Әуезов ауданының кейбір үйлерінде бір күнге суық су өшіріледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Алматы су" МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 "Алматы су" МКК хабарлағандай, су құбыры желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін суық сумен жабдықтауды уақытша өшіру қажет.
 

17 маусым күні сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін Саин мен Өтеген батыр көшелерінің арасындағы Төле би көшесінде орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су келмейді", - деп нақтылады компанияда.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны