10.04.2009, 15:06 3206

Ана мен бала орталығының аттестациядан өтпеген қызметкерлері басқа медициналық мекемелерде жұмыс істей алады - Досқалиев

Ана мен бала орталығының аттестациядан өтпеген қызметкерлері басқа медициналық мекемелерде жұмыс істей алады - Досқалиев

Астана. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" -Ана мен бала ұлттық орталығының аттестациядан өтпеген қызметкерлері басқа медициналық мекемелерде жұмыс істей алады. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің сегізінші отырысында еліміздің денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Медициналық холдинг құрылғанда біз әлемдегі ең таңдаулы басқару технологиялары мен тетіктерін тартамыз деген тұжырымдаманы таңдағанбыз", - деді Ж. Досқалиев.

Мекеме басшысының айтуынша, "қазір орталық қызметкерлері қайта аттестациялаудан өтуде, оларға халықаралық деңгейде талап қойылады, бұл критерийлерге сай келмегендер онда жұмыс істей алмайды".

Осы орайда Ж. Досқалиев орталықта аттестациядан өтпеген қызметкерлер міндетті түрде республиканың басқа медициналық мекемелеріне міндетті түрде жұмысқа орналастырылады деп сендірді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астанада 12 наурызда Ұлттық медициналық холдинг пен Австрияның Vamed компаниясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасын орындау аясында Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының базасында аурухананы басқару қызметін көрсету жөніндегі келісімге қол қойды.

Келісімге қол қойған сәттен бастап Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы Vamed компаниясының басқаруына беріледі. Австрия жағы менеджменттің тиімділігін арттыру, халықаралық сапа стандарттары мен емделушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету стандарттарын енгізу, сондай-ақ, орталықты халықаралық аккредитациядан өткізу міндеттемелерін жүктеп алады. Келісімнің мерзімі 2 жыл 9 ай деп білгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны