13.03.2023, 10:48 22881

Қаратау қорығында арқарлар мен дала мысығы фототұзаққа түсіп қалды

Маңғыстау облысында мыңдаған қызғылт қоқиқаздар видеоға түсірілді
Қаратау қорығында арқарлар мен дала мысығы фототұзаққа түсіп қалды
Сурет: Instagram/karatau_nature_reserve
Түркістан. 13 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қаратау қорығының қызметкерлері әлеуметтік желілерде фототұзаққа түсірілген жануарлардың кадрларымен бөлісті.

Кезекті бақылаулар барысында фототұзаққа түскен арқарлар мен дала мысығы", - делінген хабарламада.


Арқарлар сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тұяқтылар санатына жатады. ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ақпараты бойынша, 2021 жылы еліміздегі арқарлардың саны 18 мыңнан астам жеке басты құрады.

Маңғыстау облысында мыңдаған қызғылт қоқиқаздар видеоға түсірілді.

Қазіргі уақытта Маңғыстауда мыңдаған қоқиқаздар Қорғалжынға ұшуды жалғастыру үшін күш жинауда. Ұшу кезінде қоқиқаздарды көру көзге нағыз қуаныш сыйлайды, олардың сұлулығы ұмытылмас әсер қалдырады", - деп жазды бейне авторы, блогер Азамат Сәрсенбаев өзінің Telegram-арнасында.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны