14.04.2016, 19:58 3507

Искери оркестрлердіӊ "Илем аспабы - 2016" фестивалі маусым айында Астанада өтеді

Искери оркестрлердіӊ "Илем аспабы - 2016" фестивалі биылғы жылы еліміздіӊ бас қаласы елордамыз Астанада алғаш рет өткізілмек. Бұл туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше мемлекеттері қорғаныс ведомстволары халықаралық әскери ынтымақтастық құрылымдық бөлімшелері басшыларыныӊ кезекті отырысында белгілі болды

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Искери оркестрлердіӊ "Илем аспабы - 2016" фестивалі биылғы жылы еліміздіӊ бас қаласы елордамыз Астанада алғаш рет өткізілмек. Бұл туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше мемлекеттері қорғаныс ведомстволары халықаралық әскери ынтымақтастық құрылымдық бөлімшелері басшыларыныӊ кезекті отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Фестиваль ШЫҰ мүше мемлекеттері қорғаныс министрлерініӊ кеӊесі аясында өтеді. Қорғаныс ведомстволарыныӊ өкілдері 2016 жылғы маусымныӊ

6-ы мен 9-ы аралығында әскери оркестрлердіӊ "Илем аспабы - 2016" үшінші фестивалін өткізумен байланысты мәселелерді талқылады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Осы жылы фестивальға ШЫҰ мүше мемлекеттерініӊ әскери оркестрлері қатысады. Олар қаланыӊ бас алаӊдарында өздерініӊ шеберліктерін паш етеді. Фестивальдіӊ гала-концерті Астана опера театрыныӊ алдында өтеді.

Ир елдіӊ әскери оркестрі 8-ден 10 минутқа дейін созылатын дефиле ұсынады. "Біз биылғы жылы оркестрдіӊ әртістері ғана емес, сонымен бірге құрмет қарауыл ротасы, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблініӊ бишілері қатысатын жаӊа бағдарлама ұсынбақпыз", - деді Орталық әскери оркестрдіӊ бастығы аға лейтенант Алмас Ибрагимов.

Басты назар қазақы нақышқа аударылатын болады. Қазақстандық әскери музыканттар көмеймен ән айту, домбыраныӊ сыӊғырын, ұрмалы аспап пен шаӊқобыздыӊ әуелеген әуезді дыбысын қолдана отырып, авторлық туынды, сондай-ақ қазақи тақырыптардағы попурри ұсынады.

Алдыӊғы "Илем аспабы" фестивалі 2015 жылы Санкт-Петерборда өткенін айта кетейік. Қазақстандық әскери музыканттар қазақтыӊ ұлттық әуезіне мән беріп, сазгерлеріміздіӊ танымал музыкалық шығармалары мен қазақ халық әндерінен құралған попурри ұсынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны