07.12.2012, 13:20 2742

Астана жалпы өңірлік өнім өндіруден еліміз бойынша үшінші орында

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Астанада 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында өндірілген жалпы өңірлік өнім үлесі жалпыреспубликалық көлемде 8,7%-ды құрады.

Астана. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today - Астана жалпы өңірлік өнім өндіруден еліміз бойынша үшінші орында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Астанада 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында өндірілген жалпы өңірлік өнім үлесі жалпыреспубликалық көлемде 8,7%-ды құрады.

Осы көрсеткіштен елорда еліміз бойынша үшінші орында, деп хабарлайды елорданың реми сайты.

Қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Жанат Нұрпейісовтің сөзіне қарағанда, Астанада ЖӨӨ көлемі 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында 1 трлн. 86 млрд. теңгеге жетті. Бұл 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 221 млрд. теңгеге артық көрсеткіш.

Басқарма бастығының айтуынша, 2012 жылдың қаңтар-қазан айларында қаланың өндірістік кәсіпорындары 152 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсеткен. Шағын және орта бизнес кәсіпкерлігі саласында жалпы көлемі 834 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, жұмыстар атқарылды, қызметтер көрсетілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемінің 101,3%-ын құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны