26.04.2017, 18:07 4443

Астанада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ 25 жылдығы мен Ұлы Отан соғысындағы Жеӊіс күніне орай от шашу өтеді

Ағымдағы жылғы 7 және 9 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ 25 жылдығы мен Ұлы Отан соғысындағы Жеӊіс күніне орай от шашу өтеді.

Астана. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы 7 және 9 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ 25 жылдығы мен Ұлы Отан соғысындағы Жеӊіс күніне орай от шашу өтеді.

От шашу сонау Ұлы Отан соғысы кезінен бастап қазіргі уақытқа дейін жарақтандыруда тұрған және Ұлы Жеӊістіӊ нышаны болып табылатын 76 миллиметрлі зеӊбіректерден артиллериялық дүркін оқ атулармен жүргізіледі. Салют 2 заманауи от шашу құрылғысынан керемет мерекелік от шашумен ұласады. Олардыӊ әрқайсыныӊ 173 бағыттаушысы бар.

Мерекелік іс-шара, яғни, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ 25 жылдығына орай артиллериялық зеӊбіректерден 25 дүркін оқ атылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары ағымдағы жылғы 7 және 9 мамырда мерекелік от шашуды Есіл өзенініӊ жағалауында сағат 22.00-де тамашалай алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны