20.04.2022, 16:06 10501

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тұрақты әуе рейстерінің саны артады

"Somon Air" тәжік әуекомпаниясы 2022 жылдың 25 сәуірінен бастап Душанбеден Алматы қаласына халықаралық рейстердің санын Б737 типті әуе кемелерінде аптасына 1 рейстен 2 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тұрақты әуе рейстерінің саны артады
Сурет: unsplash.com
НҰР-СҰЛТАН. 20 СӘУІР - Тәжікстанның авиациялық билік органдарымен бірлескен жұмыс нәтижесінде Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің саны артып келеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Осылайша, "Somon Air" тәжік әуекомпаниясы 2022 жылдың 25 сәуірінен бастап Душанбеден Алматы қаласына халықаралық рейстердің санын Б737 типті әуе кемелерінде аптасына 1 рейстен 2 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.
 

Сондай-ақ, қазақстандық "Эйр Астана" әуекомпаниясы 1 мамырдан бастап Душанбе және Алматы қалалары арасындағы рейстер санын аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін және 1 маусымнан А320 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Осылайша, елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 6 рейске жетеді", - деп хабарлады ААК.

 
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны