01.08.2022, 16:32 12801

Қазақстанда 1 сыныпқа түсу үшін құжаттарды қабылдау аяқталды

Құжаттарды қабылдау толық 4 айға, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейін созылды.
Қазақстанда 1 сыныпқа түсу үшін құжаттарды қабылдау аяқталды
НҰР-СҰЛТАН. 1 ТАМЫЗ - Қазақстанда балаларды 1-сыныпқа қабылдау науқаны аяқталды. Құжаттарды қабылдау толық 4 айға, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейін созылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бiлiм және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Осы уақыт ішінде қазақстандықтар шамамен 400 мың өтініш беріп үлгерді. Балалардың 70%-дан астамы мемлекеттік тілде оқуды таңдады", - деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Өтініштерді қабылдау тәртібі автоматтандырылған және ата-аналар құжаттарды дәстүрлі форматта да, онлайн форматта да тапсыра алды. Өтініштердің 80%-ы электронды форматта берілді.
 

Оқу жылының басталуына бір ай қалды. Енді мектептер оқу-тәрбие үрдісін сапалы дайындау мен ұйымдастыруға, сынып жиынтықтарын қалыптастыруға кіріседі. Жүргізілетін жұмыстар әлі жеткілікті және ол үшін мектептер тамыз айын тиімді пайдаланады. Бірінші сынып оқушыларының басым бөлігі Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында байқалады. Балаларды қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қамтудың жоғары көрсеткіші Қызылорда (89,6%), Ұлытау (86,6%), Маңғыстау (86,2%), Жамбыл (80,4%) облыстарында байқалады", - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасы Гүлмира Кәрімова.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны