29.06.2021, 22:57 7163

Қазақстанда 29 маусымға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 29 МАУСЫМ - 2021 жылғы 28 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық 421 121 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 321 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 370; 
 
Алматы қаласында - 126; 
 
Шымкент қаласында - 33; 
 
Ақмола облысында - 44; 
 
Ақтөбе облысында - 10; 
 
Алматы облысында - 43; 
 
Атырау облысында - 66; 
 
ШҚО-да - 65; 
 
Жамбыл облысында - 31; 
 
БҚО-да - 63; 
 
Қарағанды облысында - 288; 
 
Қостанай облысында - 45; 
 
Қызылорда облысында - 17; 
 
Маңғыстау облысында - 25; 
 
Павлодар облысында - 45; 
 
СҚО-да - 15; 
 
Түркістан облысында - 35.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 262 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 394 039 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 2020 жылғы 13 наурыз бен 28 маусым аралығында коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 4 336 өлім жағдайы тіркелген. 27 маусымда КВИ-ден 20 адам қайтыс болды.
 
Сонымен қатар, 27 маусымда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 2 жағдайы тіркелді, 3 адам қайтыс болды және 17 адам сауығып кетті. 1 тамыздан бастап барлығы 56 942 жағдай тіркеліп, 987 адам қайтыс болды, 52 220 адам сауығып кетті.
 
29 маусымға КВИ-ден 24 022 адам (22 746 КВИ+ және 1 276 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
– стационарларда 7 125 пациент бар; 
 
– амбулаториялық деңгейде - 16 897 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 485 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 104 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 70 пациент бар.
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 29 маусымдағы эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта - Шымкент, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Түркістан облыстары және СҚО. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 28 маусымға I компонентпен 3 246 795 адам вакцинацияланды, II компонентпен 1 954 372 адам вакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны