02.04.2021, 18:57 11058

Қазақстанда 2 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 2 СӘУІР - 2021 жылғы 1 сәуір 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 248 931 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 077 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 248 931. Аймақтар бойынша:
 
Алматы қаласында – 35 193 (+595); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 31 533 (+427); 
 
ШҚО–да – 22 921 (+41), 
 
Павлодар облысында – 19 148 (+21); 
 
Атырау облысында – 18 830 (+103); 
 
Қарағанды облысында – 17 895 (+144); 
 
Ақмола облысында – 15 420 (+50); 
 
БҚО-да – 15 250 (+104); 
 
Қостанай облысында – 13 857 (+36); 
 
СҚО–да – 13 069 (+5); 
 
Алматы облысында – 13 937 (+239); 
 
Шымкент қаласында – 6952 (+96); 
 
Жамбыл облысында – 6441 (+18); 
 
Ақтөбе облысында – 5449 (+127); 
 
Түркістан облысында – 4515 (+22); 
 
Маңғыстау облысында - 4450 (+22); 
 
Қызылорда облысында - 4071 (+27).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 034 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 221 347, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
2 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 26 095 адам (24 512 КВИ+ және 1 583 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 9 098 науқас стационарларда, ал 16 997 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 365 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 90 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 56 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 1 сәуір аралығында коронавирустан жалпы 3 072 өлім тіркелді. 
 
Сонымен қатар, 31 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 77 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 167 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 50 695, 694 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 48 418 жетті. 
 
2021 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Алматы, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары орналасқан. "Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары. "Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны