07.01.2022, 04:10 486

Қазақстанда сұйытылған газдың алты көтерме сатушысына қатысты тергеу басталды

Қазақстанда сұйытылған газдың алты көтерме сатушысына қатысты тергеу басталды
Сурет: ҚМГ баспасөз қызметі
НҰР-СҰЛТАН. 7 ҚАҢТАР - Елде сұйытылған газ бағасының көтерілуіне себепкер болғандарға қатысты тергеу басталды. Бұл туралы ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.
 
Атап айтсақ, "Қазмұнайгаз", "Petrosun", "Ақтөбемұнайгаз", "Қазгермұнай", "Қазақойл Ақтөбе" және "ҚазГӨЗ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі электронды сауда кезінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланғаны анықталды. 
 
Тергеудің алдын ала қорытындысы 20 күн ішінде белгілі болады.

Естеріңізге сала кетейік, республикада бензин, дизель отыны мен сұйытылған газды сатуға шекті бөлшек сауда бағасы қолданылады.

Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында газ бағасы - литріне 50 теңге, шалғай аудандарда - 55 теңге;

Шымкент қ., Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарында - 60-65 теңге.

Алматы қаласында газдың шекті бағасы - литріне 65 теңге;

Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында газ литріне 70-75 теңге тұрады.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:ГазТергеу

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны