27.12.2022, 14:47 71131

Қазақстанда жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем мөлшері ұлғаяды

Қазақстанда жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем мөлшері ұлғаяды
Жаңа Әлеуметтік кодекстің жобасында жұмыспен қамтылған азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыру көзделген

Астана. 27 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Келесі жылдан бастап жұмыссыз қалған азаматтарға жарна төлеген уақытына сәйкес 6 айға дейін бұрынғы табысының 45%-ын төлеу қарастырылып отыр, деп хабарлады Үкімет отырысы барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Министр жаңа Әлеуметтік кодекстің жобасында жұмыспен қамтылған азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыру көзделгенін айтты.

Қазіргі сақтандыру жүйесі әлеуметтік тәуекелдің 5 түрінен сақтандырады. Бұл - халықаралық стандарттарға және нақты экономикалық жағдайларға сай келетін жүйе. Сондықтан, оның негізі сақталады. Дегенмен, оның мақсаты өзгереді. Жүйе әлеуметтік төлем төлеуге ғана бағытталмай, ең алдымен, азаматтарды формальді форматта жұмыс істеуге ынталандыруды көздейтін болады", - деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.


Бұл мақсатты орындау үшін:

  • біріншіден, шағын бизнестегі жалдамалы жұмыскерлер, платформаның көмегімен жұмыс істкеп жүрген азаматтарға қатысты салықтық жүктемелерді төмендету қарастырылды;
  • екіншіден, әлеуметтік жарналарын уақытылы аударып отырған жұмыскерлерге сақтандыру қорларынан әлеуметтік төлемдер мөлшері кезең-кезеңімен ұлғайтылатын болады.

Бұған дейін мүгедектігі бар адамдарға қамқорлық жасайтын туыстары мемлекеттен жалақы алатындығы туралы хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны