08.06.2021, 20:03 19267

Қазақстандықтарға темір жолдарды жөндеуге байланысты пойыздардың кешігуі туралы ескертілді

НҰР-СҰЛТАН. 8 МАУСЫМ - "ҚТЖ" ҰК" АҚ темір жолдарға күрделі жөндеу жүргізілуіне байланысты жолаушылар пойыздары қозғалысының кестесі бұзылып отырғанын мәлімдейді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Темір жолдарды жаңғырту осы жылы сәуір айында басталды. Бұл жұмыстар қозғалыс қауіпсіздігін және жүк, жолаушылар пойыздарының жылдамдығын арттыруға бағытталған. Жөндеу штаттық тәртіпте, кешіктірілмей жасалуда", - деп хабарлайды "ҚТЖ" ҰК" АҚ.

 
ҚР "Темір жол көлігі туралы" заңына сәйкес жолаушылар пойыздарының кешіктірілгені үшін айыппұл төлеу қарастырылған.
 

Өтемақыны алу үшін жолаушы вокзалдағы кезекшіден жол жүру құжатына міндетті түрде пойыздың кешіктірілгені туралы белгі соқтырады. Әрі қарай жолаушы сол құжат арқылы, сонымен қатар жеке куәлігін алып "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның кез келген кассасына барып, заң бойынша өзіне тиесілі өтемақыны алады", - деп еске салды компанияның баспасөз қызметінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны