Қазақстандықтар елдің Мемлекеттік рәміздері туралы жоғары білім деңгейін көрсетті
Алматы. 9 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстандықтар елдің Мемлекеттік рәміздері туралы жоғары білім деңгейін көрсетті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай "Зор Рух" қайырымдылық қоры Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, "Отбасы институты" жобасы аясында жастар мен балалар арасында онлайн іс-шаралар өткізді.
Мысалы, әлемнің түрлі елдерінің тулары мен мемлекеттік рәміздер туралы білім деңгейін анықтау үшін онлайн-викторина ұйымдастырылды. Сонымен қатар балалар мен жастар арасында "Рәміздер - менің мақтанышым" тақырыбында сурет байқауы өтті.
Викторинаға 283 қазақстандық қатысты. Қатысушылар онлайн режимде (сілтемеге өтіп) еліміздің Мемлекеттік рәміздері туралы 7 сұраққа жауап беріп, 10 тудың қай елдерге жататынын табу керек еді. Ойын соңында қатысушылар ұпайлар саны мен сұрақтардың дұрыс жауаптарын көре алды. Қатысушылардың пікірлері бойынша викторина өте танымдық және қызықты өтті: "Сұрақтар үшін рахмет! Жалпы даму үшін, есте сақтау үшін пайдалы болды", "Рахмет! Өте қызықты болды", "Осындай тесттер көп болсын!".
Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 82 пайызды құрды, бұл көрсеткіш жастардың Мемлекеттік рәміздері туралы жоғары білім деңгейін көрсетті. Алайда, қатысушылардың көпшілігі елтаңбаның төменгі бөлігінде орналасқан және ортасында Қазақстан сөзі бар киіз үйдің элементі босаға деп аталатынын білмеген. Бұл сұраққа дұрыс жауап тек 31% берді. Викторинаның барлық 17 сұраққа 47 қатысушылар дұрыс жауап бере отырып, ең жоғары балл жинады.
Сурет сайысына 80 талантты бала мен жасөспірім қатысты. Қатысушылар суреттерінде өздерінің Отанға деген сүйіспеншілігіне және шығармашылыұ қиялына сүйене отырып, "Рәміздер - менің мақтанышым" тақырыбын ашып көрсету керек болды. Ата-аналардың көпшілігі осы байқау карантин кезіндегі танымдық ойын-сауық ретінде балаларға өте пайдалы болғанын атап өтті: "Алақай! Осындай сайыс үшін рахмет! балалар үлкен қызығушылықпен сурет салады", "Өте жақсы тақырып, балаларға арналған осындай іс-шаралар көп болсын", "Қызықты сайыс үшін алғыс айтамыз!", "Балалардың іші пысқан еді, конкурсқа қатысып интернеттен бастарын көтерді, сізге рахмет".
Байқау жеңімпаздарына балаларға арналған мектеп жиынтықтары және жастарға арналған пайдалы гаджеттер беріледі .
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Бакуда Қазақстан мәдениетінің онкүндігі өтті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ташкентте қазақ киносының күндері өтті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Брюссельде Қазақ киносының күндері өтті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Домбыра мен сазсырнай Бельгияның Корольдік музыкалық аспаптар музейінің коллекциясына енді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды
Музыка - баршаға түсінікті әмбебап тіл. Бүгінгі концерт мәдениет арқылы халықтарымызды жақындастырып, болашақ әріптестікке берік негіз қалайтынымызды айқын көрсетті", - деп атап өтті Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті
Қазақстанның Қытайдағы достары Клубы" қазақ дипломаттары, ҚХР мемлекеттік органдары мен Орталық Азия бойынша жетекші қытай мамандары арасында тұрақты пікір алмасуға арналған сараптамалық алаң болып табылады. 2015 жылдан бері өткізілетін Клуб отырыстары өзекті ішкі саяси, экономикалық және өңірлік процестерді, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты және көпсалалы ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегін талқылауға арналған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.12.2025, 12:18Қазақстанның барлық қалаларында жаңа жылдық шыршалар жағылды
15.12.2025, 22:01 183426Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді15.12.2025, 23:10 183126Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 23:30 182876Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 20:37 176976Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумына қатысты17.12.2025, 11:28 147246Домбыра мен сазсырнай Бельгияның Корольдік музыкалық аспаптар музейінің коллекциясына енді
10.12.2025, 17:08 183881Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады15.12.2025, 22:01 183426Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді15.12.2025, 23:10 183126Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 23:30 182876Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 20:37 176976Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумына қатысты

