01.03.2023, 15:48 39426

Қазақстандықтарды наурыз айында қанша демалыс күндері күтеді

Қазақстандықтарды наурыз айында қанша демалыс күндері күтеді
Сурет: Depositphotos
Мереке және демалыс күндерін ескере отырып, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 12 күн демалатын болады 

Астана. 1 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Наурызда мереке күндері - Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз және Наурыз - 21, 22 және 23 наурыз.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз мереке күні болады. Ал Наурызда ел тұрғындары үш күн - 21, 22 және 23 наурызда демалады.

Осылайша, мереке және демалыс күндерін ескере отырып, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 12 күн, ал алты күндік жұмыс аптасында - 8 күн демалатын болады.

Сонымен қатар, наурыз айында қазақстандық оқушыларды көктемгі каникулдар күтеді. Олар 18-26 наурызды қоса алғанда жалғасады.

Бұған дейін қазақстандықтарды наурыз айында не күтетіні хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны