19.01.2023, 09:32 39341

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі ДДҰ сайтына кіру мүмкіндігін қалпына келтіргенін хабарлады

ДДҰ веб-сайтында суицид туралы ақпараттық бюллетень өзгертілді
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі ДДҰ сайтына кіру мүмкіндігін қалпына келтіргенін хабарлады
Астана. 19 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ҚР мүдделі мемлекеттік органдарымен (ҚР СІМ, ҚР АҚДМ) бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтына қолжетімділікті қалпына келтіру мәселесін пысықтады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
 

Қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша ДДҰ ресми веб-сайтында (www.who.int) суицид туралы ақпараттық бюллетень өзгертілді", - деп нақтылады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

 
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 14 қазанда Алматы облысы Талғар аудандық сотының шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында ДДҰ ресми сайтына (ww.who.int) бұл ресурста пайдаланушыларға суицидтің нақты әдістері, тәсілдері мен ұсынымдары ұсынылатындығын дәлелдей отырып қолжетімділік шектелген.
 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемнің 190-нан астам мемлекеті мүшелері болып табылатын БҰҰ жүйесі шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы халықаралық жұмысты бағыттаушы және үйлестіруші орган болып табылатынын білесіздер. ҚР 1992 жылы ДДҰ-ға кірген сәттен бастап ДДҰ Қазақстанға денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша техникалық, сараптамалық және консультациялық қолдаудың кең спектрін көрсетеді.
 

Қазіргі уақытта ДДҰ-ның ресми сайты штаттық режимде жұмыс істейді және жалпыға қол жетімді", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны