03.02.2023, 10:27 201

Қазақстанның үш облысында тас жолдың бес учаскесінде көлік қозғалысы жабылды

Қазақстанның үш облысында тас жолдың бес учаскесінде көлік қозғалысы жабылды
Сурет: Depositphotos
Автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқару үшін 337 бірлік жол-пайдалану техникасы мен 636 маман жұмылдырылды

Астана. 10 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - 10 ақпан сағат 10:00-дегі ақпаратқа сәйкес 3 облыста ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көрінудің шектелуі) республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы.
 
Ұлттық оператордың мәліметінше, Алматы облысында екі учаске жабылды:
 
  • Тіркемелі, жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін - "Алматы-Өскемен" тасжолы, уч. Қонаев-Шеңгелді арасы;

  • Автокөліктің барлық түрі үшін - "Алматы-Шелек-Қорғас" тасжолы, Байсейіт- Қорғас арасы.
 
Жамбыл облысында бір учаске жабылды:
 
  • Көліктің барлық түрі үшін - "Алматы-Ташкент-Термез" тасжолы, Кенен-Благовещенка арасы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады).
 
Жетісу облысында екі учаске жабылды:
 
  • Тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін - "Алматы-Өскемен" тасжолы, Шеңгелді-Қарабұлақ арасы және "Алматы-Өскемен" тасжолы, Қарабұлақ-Үшарал арасы.
 
Автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқару үшін 337 бірлік жол-пайдалану техникасы мен 636 маман жұмылдырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны