Система Orphus

Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі Kaz Consul мобильдік қосымшасын іске қосты

30.06.2022, 15:54 8936
БЕЙЖІҢ. 30 МАУСЫМ - Ақпараттық технологияларды енгізу арқылы ҚР азаматтары үшін ақпарат пен қызметтердің қолжетімділік деңгейін арттыру мақсатында Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі "Kaz Consul" мобильді қосымшасын іске қосты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Енді қазақстандықтар Қытайдың кез келген аймағында бола отырып, "WeChat" мобильді платформасындағы "Kaz Consul" парақшасына кіру арқылы неке қию, туу туралы куәлік, ұлттық паспорт, ЭЦҚ кілттер алу, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттер жасау және т.б. мемлекеттік қызметтер бойынша тиісті ақпаратты алатын болады", - деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Сонымен қатар мобильді қосымшада консулдық округтердің картасы ұсынылған және консулдық есепке онлайн тұру мүмкіндігі қарастырылған.
 
Бұдан басқа, "Kaz Consul" мобильдік қосымшасында көрсетілген телефондар арқылы азаматтарымыз ҚХР аумағындағы Қазақстанның консулдық мекемелерінің кез келген қызметкерімен тікелей байланыса алады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны