26.12.2022, 15:25 38971

Қазгидромет алғаш рет метеорологиялық деректер базасына қолжетімділікті ашуда

Қазгидромет алғаш рет метеорологиялық деректер базасына қолжетімділікті ашуда
Базаға "Қазгидромет" РМК метеостанциялары орындаған, 2000 жылдан бергі деректер жүктелген

Астана. 26 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап "Қазгидромет" РМК сайтында "Метеорологиялық деректер базасы" атты жаңа бөлім ашылуда . Бұл бөлімде ауа мен топырақтың температурасы, ауа ылғалдылығы, желдің жылдамдығы мен бағыты, атмосфералық қысым, бұлттылық, жауын-шашын, атмосфералық құбылыстар, қар жамылғысы және күн сәулесінің ұзақтығы туралы құрылымдық ақпараттың жинағы қамтылған.
 
Базаға "Қазгидромет" РМК метеостанциялары орындаған, 2000 жылдан бергі деректер жүктелген.
 

Жиналған барлық ақпарат анықтамалық электрондық база түрінде қол жетімді. Пайдаланушы 2000-2021 жылдар аралығындағы объективті және нақты ақпаратты ала алады. Аталмыш ақпарат жинағы құрылыс және көлік компанияларының жұмысын жеңілдетіп, есептеу мен талдауға көмектеседі, өйткені мұнда желдің күші, жауын-шашын мөлшері, белгілі бір елді мекендердегі төмен және жоғары температура туралы нақты мәліметтер қамтылған. Пайдаланушыларға қолайлы болу үшін ақпарат толықтырылады және қажет болған жағдайда өзгертіледі", - деп атап өтті Қазгидрометте.


Метеорологиялық бақылау желісі үздіксіз мониторинг жүргізетін, республиканың бүкіл аумағында орналасқан 347 метеорологиялық станциядан тұрады.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны