24.03.2022, 17:55 20016

Қазселденқорғау Медеу маңында блокпосттарды қойды

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті туристер мен қала тұрғындарын тауға шықпай тұруға кеңес берді.
АЛМАТЫ. 24 НАУРЫЗ - Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті Медеу мен Шымбұлаққа баратын жолда блок бекетің қойылғанын хабарлады.
 
Ресми мәліметке сәйкес, блок бекеттер екі жерде қойылды. Біреуі "Медеу" спорт кешеніне шығатын жолда орнатылса, екіншісі "Шымбұлақ-Тұйықсу" жолында қойылды.
 

Абай болыңыздар! Тауда қар көшкіні жүру қаупі сақталады", - дейді құтқарушылар.

 
Қазгидрометте 25-28 наурыз күндері Кіші және Үлкен Алматы бассейндерінде қар көшкіні жүру мүмкін деп отыр.
 
Осыған байланысты бүгін түске дейін "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының аймағында "Аваланчер" пневматикалық қондырғының көмегімен Кіші Алматы өзенінің бассейнінде қар көшкінін түсіру шаралары атқарылды.
 
Соның нәтижесінде 600 куб метр қар түсірілді.
 
Дегенмен, Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті туристер мен қала тұрғындарын тауға шықпай тұруға кеңес берді.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны