21.07.2006, 17:07 3053

Батыс Қазақстан облысы тұрғындарында "сібір жарасы" диагнозы расталды

АСТАНА. 21 шілде. Kazakhstan Today. Батыс Қазақстан облысы тұрғындарында "сібір жарасы" диагнозы расталды. Бұл жөнінде агенттікке ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Министрліктен хабарлаған.

Министрліктің мәліметіне қарағанда, 12 шілде күні Сырым ауданы Бөребас ауылының 66 жастағы тұрғыны сібір жарасын жұқтырған деген күдікпен ауруханаға жеткізілген. СЭС мамандары аурудың шығу ошағын тексеріп, сол диагнозбен 28 жастағы ер азаматты да ауруханаға жіберді. 14 шілде күні науқастың екеуі де Оралдағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, "сібір жарасы" диагнозы расталды. Дертке шалдыққан өзге адамдар жоқ. Болжам бойынша, кеселдің шығуына шарасыздықтан сойылып, Оралда саудаға түскен ірі қараның еті себеп болуы ықтимал.

Осы іске қатысты табиғатты қорғау ветеринарлық полиция қызметкерлері тергеу жүргүзуде. Кеселдің шыққан ошағында залалсыздандыру шаралары жүргізіліп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны