08.06.2022, 15:36 18341

Байзақов ауданында оқ-дәрілер фрагменттерінің бақылаудағы жарылыстары қайта жанданды

Жару жұмысы дүйсенбіден жұмаға дейін әр күндері өткізіледі.
Байзақов ауданында оқ-дәрілер фрагменттерінің бақылаудағы жарылыстары қайта жанданды
ТАРАЗ. 8 МАУСЫМ - Жамбыл облысы тұрғындарының гүрсілдеген дауыстан тағы да мазасы қашатын болды. Байзақ ауданындағы оқыс жағдай болған әскери бөлімде қалған оқ-дәрілердің көзін жою қайта жанданды. Бұл шаруа екі ай бұрын басталған еді.
 
Бірақ жергілікті шаруа қожалықтары мал төлдейтін уақытта жарылыс ұйымдастырмауды өтінген. Сөйтіп кейінге шегеріліпті. Бүгіннен бастап қару қалдықтарын жару ісі қайта қолға алынды. Бұл процесс елдімекендерден қашық жерде жүзеге асырылуда. Әскерилер, оның адамға да, жан-жануарға да зияны жоқ деп сендіреді. Бұл жайында жақын маңдағы тұрғындардың бәріне ескертіліпті. 
 
Қанша оқ-дәрінің көзі жойылатыны жөнінде толық мәлімет жоқ. Белгілісі, жару қараша айына дейін жалғасады. 
 
Байзақ ауданындағы қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыс болып, 17 адам ажал құшқан. Бір әскериден әлі күнге хабар жоқ. Төтенше жағдайдың себебі де күні бүгінге дейін айтылмады. 
 

Жару жұмысы дүйсенбіден жұмаға дейін әр күндері өткізіледі. Бір жарғанда аздан жарып жатырмыз. Өйткені жақын жатқан елдімекендердің қауіпсіздігі үшін. Бір жарғанда тротил салмағы 600-700 келі", - деді 28349 әскери бөлімнің командирі Еркін Әбсадықов.

 
Ақпарат көзі: ktk.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны