23.05.2012, 15:04 3165

Берлинде қарғалар адамға шабуыл жасауда

Салмағы 1 келі тартатын қалалық сұр қарғалар әсіресе наурыз бен маусым аралығында салған ұяларын басқалардан қызғанып, ашушаң келеді екен", - деп әңгімелейді Альслебен.

Астана. 23-мамыр. Kazakhstan Today - Берлинде қарғалар адамға шабуыл жасауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, таяуда ашулы құстардың шабуылына Пренцлауэр Берг қаласының 40 жасар тұрғыны тап болыпты. Торстен Альслебен телефонмен сөйлесіп тұрған сәтінде оған бірнеше құс шабуыл жасап, шұқып тастаған. Ал осы маңдағы дүңгіршектің иесі Баристің айтуынша, сырттай өтіп бара жатқан адамдарға қарғалардың шабуыл жасау оқиғалары жиі қайталанып тұратын көрінеді.

Салмағы 1 келі тартатын қалалық сұр қарғалар әсіресе наурыз бен маусым аралығында салған ұяларын басқалардан қызғанып, ашушаң келеді екен", - деп әңгімелейді Альслебен.

Табиғатты қорғау одағының мәліметтеріне сәйкес, Берлинде қазір шамамен 5000-ға жуық қарға мекендейді. Олар жергілікті билік қорғауында. Кейінгі қалыптасқан жағдайға сәйкес, қарға адамдардан емес, керісінше, адамдар қарғалардан қорғануға тура келеді. Мәселен, 2010 жылдың мамыр айында Неміс театрының алдындағы саябақта "ашушаң" құстардың қаптап кеткені соншалық, ол жерді уақытша жауып қоюға тура келді. Қазір жағдай тіпті ушығып тұр, деп хабарлайды Die Welt.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны