29.09.2011, 09:53 3477

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел соғады деп күтілуде

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидрометт" болжауына сүйене отырып хабарлауынша, бүгін, 29 қыркүйек күні Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағым бөліктерінің өтуіне байланысты жаңбырлар мен күшті желдер күтілуде.

Астана. 29-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидрометт" болжауына сүйене отырып хабарлауынша, бүгін, 29 қыркүйек күні Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағым бөліктерінің өтуіне байланысты жаңбырлар мен күшті желдер күтілуде.

Атап айтқанда, Алматы, Батыс Қазақстан, күндіз Атырау, Қостанай, Ақтөбе облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.

Маңғыстау, таңертең Ақтөбе облыстарының кей аумақтарында тұман болжануда.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы 0-3 грудасқа дейін төмендейді.

Сондай-ақ синоптиктердің болжауынша, бейсенбіде Қазақстанның оңтүстік, орталық, шығыс және батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алдағы тәулікте күтіліп отырған нөсерлі жауындарға байланысты Алматы облысының төмен таулы өзендерінде су көлемі көтерілуі ықтимал. Республиканың оңтүстігіндегі және шығысындағы таулы өзендерде су көлемінің ауытқуы байқалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны