08.02.2021, 19:46 11803

Алматыда COVID-19-дан өлім-жітімді азайту үшін қандай шаралар қабылданды

Бұрын-соңды болмаған шаралардың арасында — Анестезиология және реаниматология орталығын құру болды. Орталық ауыр науқастарды тиімді емдеу үшін барлық стационарлардың жұмысын үйлестіре бастады. Орталықтың құрамына осы саладағы қаланың үздік мамандары кірді.
Алматы. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы әкімдігінде COVID-19-бен ауыратын адамдар арасындағы өлімді азайту бойынша шаралар қабылдау аясында құрылған Анестезиология және реаниматология орталығының жұмысы туралы айтылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бұрын-соңды болмаған шаралардың арасында — Анестезиология және реаниматология орталығын құру болды. Орталық ауыр науқастарды тиімді емдеу үшін барлық стационарлардың жұмысын үйлестіре бастады. Орталықтың құрамына осы саладағы қаланың үздік мамандары кірді. Орталықты "А. Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ реаниматология бөлімінің меңгерушісі Тілеуберді Қуандықов басқарады", - деп хабарлады Алматы әкімінің баспасөз қызметінде.

 
Осы орталықтың мамандары күн сайын инфекциялық стационарларға, госпитальдарға шығады және жергілікті жерлердегі реаниматологтарға көмек көрсетеді. 
 
Тек 2020 жылдың өзінде мамандар бригадасы 2000-нан астам шақырту бойынша қызмет көрсетті, ауыр науқастардың 5000-нан астам консультациясы, бейнебайланыс арқылы "оқиға орнында" 100-ге жуық консилиумдарды жүзеге асырды.
 
Жыл басынан бері келесі жұмыстар жүргізілді: 
 
• практикалық көмек көрсету үшін мамандар тобының клиникаларға баруы — 533;
 
• оқиға орнында консультация жүргізу — 2248;
 
• аралау нәтижелері бойынша Орталық басшысымен науқастар жайлы бейнебайланыс режимінде талқылау — 38;
 
• Орталық басшысымен "оқиға орнына" бару арқылы консилиумдар өткізу — 12;
 
• профессорлармен қашықтықтан онлайн-консилиумдар өткізу — 23.
 

Егер бұрын салыстырмалы түрде пневмониямен ауыратын „реанимациялық" науқастардың көбі жастар болса, бүгінде КВИ-мен реанимацияға түсетін науқастар – 60 жастан асқан және жүрек жеткіліксіздігі, қант диабеті, бауыр циррозы, онкология, ревматизм, СПИД, бүйрек жеткіліксіздігі, инсульт және т.б. созылмалы аурулары қатар жүретін науқастар. Сонымен қатар, пациенттердің жартысынан көбі өзін-өзі емдеумен айналысып, үйден тікелей ауыр жағдайда келеді. Басқалары дәрігерге мүлде жүгінбеген", — деп атап өтті Анестезиология және реаниматология орталығында. 

 
Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 196 мың жағдайы тіркелген, оның 2,5 мыңнан астамы өліммен аяқталған. Алматыда пандемия басталғаннан бері COVID-19-дың 22,8 мыңнан астам жағдайы тіркелді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны