18.05.2021, 23:26 7630

Қазақстан маусым айының соңына дейін "COVID-19-сыз саяхаттаймын" қосымшасына қосылады

НҰР-СҰЛТАН. 18 МАМЫР - Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова Еуразиялық экономикалық одақ аумағы бойынша сапарлар үшін әзірленген "COVID-19-сыз саяхаттаймын" қосымшасына Қазақстанның қосылуы жөніндегі жұмыстардың барысы туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
СИМ вице-министрінің айтуынша, қазақстандық деректер базасын қосымшаға қосу жөніндегі жұмысты 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
 

ЕАЭО-ның жекелеген елдері оған қосылды. Қазір вакцинациядан өткен азаматтарымыз немесе ПТР-тест нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын біздің қазақстандық бірыңғай интеграциялық порталымызды осы "COVID-19-сыз саяхаттаймын" жүйесімен біріктіру жұмысы жүргізілуде. Бұл орын алғаннан кейін біз осы мобильді қосымшаны пайдалана аламыз", - деп түсіндірді Кушукова.

 
Естеріңізге сала кетейік, ЕАЭО-да "COVID-19-сыз саяхаттаймын" платформасын Еуразиялық Даму Банкі әзірлеген болатын. ЕАЭО елдеріне баруды жоспарлаған азаматтарға көлік түрін және келу жоспарланып отырған елді таңдауға мүмкіндік беретін жоба шеңберінде әзірленген мобильді қосымшаны орнату қажет. Қосымшада тіркелгеннен кейін пайдаланушыға жоспарланған сапар күніне келу/кету еліндегі қолданыстағы шектеулер мен қағидалар туралы ақпарат жіберіледі, верификацияланған зертханалардың тізімі және тесттерді тапсыру үшін зертханаға қабылдауға жазылу мүмкіндігі ұсынылады. ПТР-тест нәтижелері үш күн бұрын болмауы керек.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны