08.05.2018, 21:36 3816

Даниал Ахметов: "ҰОС әр ардагері - біздіӊ ұлттық мақтанышымыз"

Шығыс Қазақстан облысыныӊ әкімшілігі Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне жарты миллион теӊге тарту етті. Қазіргі таӊда облыста 240 майдангер тұрады. Ұлы Жеӊіс мейрамы қарсаӊында ШҚО әкімі Даниал Ахметов бірқатар аудандарға барып, ардагерлерді жеке өзі құттықтады.

Өскемен. 8 мамыр. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысыныӊ әкімшілігі Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне жарты миллион теӊге тарту етті. Қазіргі таӊда облыста 240 майдангер тұрады.

Ұлы Жеӊіс мейрамы қарсаӊында ШҚО әкімі Даниал Ахметов бірқатар аудандарға барып, ардагерлерді жеке өзі құттықтады.

Қабатай Қалдыбаев балалары мен немерелерініӊ ортасында Ұлы Жеӊістіӊ 73-інші көктемін қарсы алуда. Ертеӊ ақсақал тура 100 жасқа толады. Ол 1918 жылы Ұлан ауданында дүниеге келген. Соғыс басталған кезде әскер қатарында борышын атқарып жүрген еді. 1942 жылдан бастап Қара және Азов теӊіздері жағалауларын қорғау ісіне қатысып, Солтүстік-Кавказ майданында шайқаста болады. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Соғыстан кейін зейнеткерлікке шыққанға дейін Белогор тау-кен байыту комбинатында өрт сөндіруші болып қызмет етті. Даниал Ахметов майдангерді 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, ашық аспан, бейбіт өмір үшін алғысын білдірді.

- Ир ардагер мен тыл еӊбеккері - халқымыздыӊ қазынасы, ұлттық мақтанышы, - деп атап өтті облыс әкімі. - Ұрпақ болашағы жолында танытқан қайсарлықтарыӊыз үшін алғысымыз шексіз. Сіздерге және жақындарыӊызға зор денсаулық, мол бақыт тілеймін.

500 мыӊ теӊгеніӊ сертификатын бүгін облыс әкімі сондай-ақ, Николай Станскихке табыс етті. Соғыс жылдары III Балтық жағалауы фронтына қатысады. 51-інші қосымша атқыштар полкінде снайпер-автоматшы болады. Литва, Латвия және Польшаны азат етеді. ҰОС кейін 30 жыл бойы Зырян қорғасын комбинатында темір ұстасы болып еӊбек етті.

- Ардагерлерге көрсетіліп жатқан зор құрмет пен игі пейілдеріӊіз үшін рахметімді айтамын. Исіресе, ел Президенті Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевқа алғысымыз шексіз. Біз бейбітшілік үшін күрестік. Мемлекет басшысыныӊ салихалы саясатын, алған оӊ бағытын көріп, қуанамыз. Біздіӊ елде халықтыӊ бірлігі жарасқан, келісім орнаған. Бұл керемет, - деді Николай Прохорович.

Глубокое ауданында тұратын ҰОС ардагері Матвей Шикунов 17 жасында соғысқа кеткен. I Балтық жағалауы фронтында, кейін Витебск, сондай-ақ, Латвияныӊ бірқатар қалаларын азат етуге қатысады. 1944 жылы 14 шілдеде ауыр жарақат алып, елге оралады. Аймақ басшысымен кездесу кезінде Матвей Пантелеевич мемлекеттіӊ танытып жатқан құрметіне алғысын білдіріп, бөлінген қаражат есеп-шотқа түсіп қойғанын айтты.

Жалпы, бүгінде ШҚО 20 мыӊға жуық тыл еӊбеккерлері бар. Оларға әр қала және аудан бюджетіне сәйкес материалдық көмек көрсетіледі.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны