22.01.2015, 18:59 3846

Давоста ҚР мен ЭЫДҰ арасындағы 2015-2016 жылдарға арналған Елдік ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру туралы Меморандумға қол қойылды

Бүгін Давоста Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымыныӊ (ЭЫДҰ) Бас хатшысы Анхель Гурриа ҚР Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы 2015-2016 жылдарға арналған Елдік ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру туралы Меморандумға қол қойды.

Астана. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін Давоста Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымыныӊ (ЭЫДҰ) Бас хатшысы Анхель Гурриа ҚР Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы 2015-2016 жылдарға арналған Елдік ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

Бағдарлама реформалар жүргізуді, сондай-ақ Қазақстанныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ басты салаларындағы ірі жобаларды жүзеге асыруды қарастырады. Елдік бағдарлама Қазақстанныӊ ЭЫДҰ-ныӊ бірқатар декларациялары мен ұсыныстарына қосылуына, оныӊ құрылымдық бөлімдерініӊ жұмысына қатысуына мүмкіндік береді, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

ҚР мен ЭЫДҰ екі жақты ынтымақтастығы мемлекеттік басқару жүйесіндегі, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, қазыналық саясат салаларындағы елдіӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беріп, іскерлік ахуалды жақсартады. Қазақстан ЭЫДҰ Елдік ынтымақтастық бағдарламаларын алғаш рет бірлесіп әзірлеген төрт елдіӊ бірі болды.

Қол қою қорытындысы бойынша Кәрім Мәсімов "Елдік бағдарламаны жүзеге асыру - Қазақстанныӊ 2050 жылға қарай әлемніӊ 30 дамыған мемлекетініӊ қатарына кіруініӊ ұзақ мерзімді тапсырмасына жету үшін ЭЫДҰ елдерініӊ озық тәжірибелерін енгізуге ынтасын растайтын екі жақты өзара іс-қимылдыӊ стратегиялық маӊызды кезеӊі" екенін баса айтты.

Өз кезегінде Анхель Гурриа қол қойылған құжаттыӊ маӊыздылығын атап өтті.

"Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы экономикасы бар, стратегиялық тұрғыдан Еуропа мен Азия түйіскен жерде орналасқан ел болып табылады. Елдік бағдарламаны жүзеге асырудыӊ жағымды әсері өӊірдегі басқа да елдердегі реформаларға өз пайдасын әкелетініне сенімдімін", - деді ЭЫДҰ Бас хатшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны