10.04.2009, 13:59 7624

Денсаулық сақтау жүйесінің нарықтық моделі медициналық қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлықты жоюға мүмкіндік береді - Досқалиев

Денсаулық сақтау жүйесінің нарықтық моделі медициналық қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлықты жоюға мүмкіндік береді - Досқалиев

Астана. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Денсаулық сақтау жүйесінің нарықтық моделі медициналық қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлықты жоюға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің сегізінші отырысында еліміздің денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Медицина қызметкерінің сыбайлас жемқорлық қылмысқа баруының бір себебі - медиктердің әлеуметтік қамтамасыздығының төмендігі, сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін жүктелетін жауапкершілік жөнінде бейхабарлығы, халықтың құқықтық жауапкершілішінің төмендігі болмақ", - деді Ж.Досқалиев.

"Медициналық қызмет көрсетуде бәсекелі орта болуға тиіс, оған тек мемлекеттік ұйымдарды ғана емес, жеке меншік ұйымдарды да міндетті түрде қамту қажет деп ойлаймыз. Денсаулық сақтау министрлігі жоғарғы деңгейде медициналық қызмет көрсететін қосымша жеке меншік, халықаралық, бірлескен кәсіпорындардың ашылуын қолдайды", - деді министр.

"Келесі бір шара - дәрігерді еркін таңдау. Дәрігерді еркін таңдау болған жағдайда емханалар мен ауруханаларда қазіргідей топырлаушылық пен парақорлыққа жол берілмес еді", - деді Ж. Досқалиев.

Сонымен бірге, мекеме басшысының айтуынша, "көрсетілетін қызметтер ашық болуға тиіс. Ир азамат өзінің қандай қызмет көрсеткізгенін және оның құны қандай екенін білуге тиіс", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны