24.08.2015, 18:33 3580

"Денсаулық жолы-2015" акциясыныӊ аясында жылжымалы медициналық кешендер шалғайдағы ауылдарға баруын жалғастыруда

Денсаулық жолы - 2015" республикалық акция шеӊберінде 2015 жылғы 24 және 27 тамыз аралығында жылжымалы медициналық кешендер (ары қарай ЖМК) Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылына, Қазалы ауданыныӊ Водокачка, Жалаӊтөс ауылдарына және Шиелі ауданыныӊ 4 ауылына, сонымен қатар Жаӊақорған ауданыныӊ шалғайдағы ауылдарына барады

Астана. 24 Тамыз. Kazakhstan Today - "Денсаулық жолы - 2015" республикалық акция шеӊберінде 2015 жылғы 24 және 27 тамыз аралығында жылжымалы медициналық кешендер (ары қарай ЖМК) Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылына, Қазалы ауданыныӊ Водокачка, Жалаӊтөс ауылдарына және Шиелі ауданыныӊ 4 ауылына, сонымен қатар Жаӊақорған ауданыныӊ шалғайдағы ауылдарына барады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кампания құрамына терапевтер, кардиологтар, фтизиаторлар, онкологтар кіретін және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандары бар жұмылдыру топтарыныӊ қолдауымен ұйымдастырылатын болады.

25-27 тамыз аралығында ЖМК Ақтөбе облысыныӊ Айтеке би ауданына барады. Медициналық көмек жасөспірімдер, жастар, барлық меншік түріндегі ұйымдардыӊ жұмыс берушілері және жұмыскерлері сияқты мақсатты топтарға көрсетіледі.

27 тамызда жылжымалы медициналық кешен Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Тассай ауылына барады.

Профилактикалық тексеру мен кеӊестік-диагностикалық көмек көрсету мақсатында ШҚО Тарбағатай ауданыныӊ дәрігерлері жұмыс істейтін болады.

Ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, әлеуметтік маӊызды аурулар бойынша оқу-ақпараттық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республиканыӊ барлық өӊірінде "Денсаулық жолы - 2015" кеӊ көлемдегі акция өтіп жатқанын естеріӊізге саламыз.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны