27.02.2023, 12:40 20036

Екібастұз ЖЭО-дағы екі қазандық жұмыстан жөндеуге шығарылды

Сағат 15.00-ге дейін станция 70 градус параметріне шығуды жоспарлап отыр
Екібастұз. 27 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Екібастұз жылу электр орталығында екі қазандық қысқа мерзімді жөндеуге шығарылды, деп хабарлайды "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС.

Қолайлы ауа-райына байланысты (сыртқы ауа температурасы -6) 26 ақпан күні 2 қазандық ағымдағы қысқа мерзімді жөндеуге шығарылды. Аталмыш жөндеу жұмыстары аяқталды, қазандық агрегаттары кезең-кезеңімен іске қосылатын болады. Сағат 15.00-ге дейін станция 70 градус параметріне шығуды жоспарлап отыр", - делінген "Екібастұзтеплоэнерго" хабарламасында.


Сағат 10.00-де 9,2/2.0 кг/см2 қысым жағдайында ЖЭО-дан шығатын (жеткізілетін) желілік судың температурасы - 54 градусты құрады. Станцияда 5 қазандық агрегаты (№ 5, 9, 12, 14, 15) жұмыс істеуде, 1 қазандық агрегаты (№ 6) резервте.

Естеріңізге сала кетейік, Скляр Екібастұз ЖЭО-ны жаңғырту кімнің есебінен жүргізілетініне жауап берді.

Қазіргі уақытта бүкіл республика бойынша ЖЭО мен электр желілерінің аудиті жүріп жатыр, оны бірінші тоқсанның соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны