07.12.2022, 16:37 35756

Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін "АрселорМиталл Теміртауға" 6 млрд теңгеге жуық айыппұл салынды

Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін "АрселорМиталл Теміртауға" 6 млрд теңгеге жуық айыппұл салынды
Сурет: ortcom.kz
АрселорМиталл Теміртау металлургиялық кешені Теміртау қаласындағы атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көзі болып табылады

Астана. 7 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін "АрселорМиталл Теміртау" металлургиялық кешеніне жалпы сомасы 5,8 млрд теңге айыппұл салынды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингінде ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов мәлімдеді.
 
Оның айтуынша, АрселорМиталл Теміртау металлургиялық кешені Теміртау қаласындағы атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көзі болып табылады. Кәсіпорынның қаланың ауасын ластауға қосқан үлесі 86,4% құрайды, қала бойынша 243 мың тонна, кәсіпорын бойынша - 210 мың тонна.
 
2021 жылы кәсіпорын эмиссия нормативтерін 25%-ға қысқарту шартымен 2022 жылға қоршаған ортаға эмиссияларға экологиялық рұқсат алды.
 
Бұл ретте кәсіпорын келесі жылға экологиялық рұқсат алған жоқ. Компания тарапынан өтінім жіберілді, бүгінгі күні ол комитеттің қарауында.
 

Жыл сайын АМТ экологиялық бақылаудың мәніне айналады. 2022 жылдың 9 айында ғана аумақтық экология департаменті компанияға қатысты 7 жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бейорганикалық шаңның нормативтен тыс шығарындылары, бұрын берілген нұсқамалардың орындалмауы, қалдық газдарды, сондай-ақ шығарылған газды ұстау бойынша және тазарту ғимараттарының тиімсіз жұмыс сияқты экологиялық заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады. Ден қою шаралары ретінде жалпы сомасы 5,8 млрд теңгеге айыппұл салынды. Қазір сотқа шағым түсіріліп, қаралуда", - деді Зулфухар Жолдасов.

 
Қазіргі уақытта Департамент бірқатар цехтарды тексеруде.
 

Сондай-ақ өнеркәсіптік-тұрмыстық қалдықтар полигонын, елеу қондырғыларын, №2 және №3 қалдық қоймаларын, күл-шлам жинағышты, сұрыптау кешенін пайдалануға қызметті тоқтата тұру туралы талап-арыздар жіберілді. Бұл ретте Қарағанды облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша Жол картасының 7 іс-шарасы орындалмаған", - деп атап өтті спикер.

 
 "Жасыл Қазақстан" ұлттық бағдарламасында кәсіпорынның эмиссияларын 2025 жылға дейін нақты көлемнен 213 мың тоннаға дейін 30%-ға қысқарту көзделген. Экология министрлігі кәсіпорынның осы көрсеткіштерге қол жеткізуі принципін ұстанады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны