08.10.2021, 19:46 18815

Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты Оқжетпес көшесінің учаскесі уақытша жабылды

Осы жылдың 8-9 қазан аралығында К.Байсейітова көшесінен Көктал көшесіне дейінгі аралық көлік қозғалысы үшін толығымен жабылды.
НҰР-СҰЛТАН. 8 ҚАЗАН - Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Оқжетпес көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
 
Оқжетпес көшесінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты, осы жылдың 8-9 қазан аралығында К.Байсейітова көшесінен Көктал көшесіне дейінгі аралық көлік қозғалысы үшін толығымен жабылды.
 

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз", - делінген көлік басқармасының хабарламасында.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны