01.06.2022, 18:29 8921

Fly Arystan әуе компаниясы Ереванға рейсті іске қосады

Билет құны бір жаққа 28 мың теңгеден басталады.
Fly Arystan әуе компаниясы Ереванға рейсті іске қосады
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 1 МАУСЫМ - Қазақстандық "Fly Arystan" әуе компаниясы ағымдағы жылдың 2 маусымынан бастап Алматы – Ереван бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі, бейсенбі) Арменияға тұрақты рейстерді орындауды бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Билет құны бір жаққа 28 мың теңгеден басталады", - деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

 
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А320 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.
 

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және әлемдегі карантиндік шектеулердің әлсіреуіне байланысты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуе тасымалдардың бағыттық желісін қалпына келтіру және кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда", - деп толықтырды ведомствода.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны