07.09.2018, 23:27 6293

III Baikonyr Short Film Festival қатысушылары анықталды

Келіп түскен 195 фильмніӊ ішінде бағдарламаға ойнамалы, деректі және анимациялық 47 жұмыс енді.

Алматы. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - 20-23 қыркүйек аралығында Алматыда, Kinoplexx Sary Arka-да өтетін III Baikonyr Short Film Festival байқау бағдарламасыныӊ қатысушылары анықталды.

Келіп түскен 195 фильмніӊ ішінде бағдарламаға ойнамалы, деректі және анимациялық 47 жұмыс енді. Үміткерлерді кинотанушы Ержан Жұмабеков және киносыншы Кәрім Қадырбаев іріктеді.

Baikonyr Short Film Festival-діӊ бас демеушісі - Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президенті - Елбасы қоры, жобаныӊ бас серіктестері - Kinopark Theatres және KinoplexxCinemas.

III Baikonyr SFF қатысушылары үш категорияда таныстырылады: ойнамалы фильмдер бөліміне 27 картина, анимациялық фильмдер бөліміне - 11, ал деректі фильмдер бөліміне 9 жұмыс қатысады.

"Ойнамалы кино"

№ Атауы Режиссер

1 o "Чемпион" Майя Ғалым

2 o "Жолсеріктер" Нұрлан Шәріпов

3 o "Тілім" Дана Сәбитова

4 o "Куә бол" Камилла Абд

5 o "Асан" Берік Жаханов

6 o "Соӊғы хат" Бағлан Құдайберлиев

7 o "Отау" Илішер Жәдігеров

8 o "Бұлттан күштірек"

o ("Hoochie Coochie Man") Алмаз Амандосов

9 o "Ийгерім" Малика Мұхамеджан

10 o "Ұсқынсыздар циркі" Мырза Байсамбеков, Самрат Иржасов

11 o "Манғашлық" Людмила Лебедева

12 o "Күзгі уайым" Асылбек Мұсабеков

13 o "The Morning" Тілеу Диас

14 o "Соӊғы мұғалім" Ален Рахметалиев

15 o "Мен балалардыӊ қалай өліп жатқанын бақылағанды ұнатамын" Илібек Ибдухалық

16 o "Самал" Сержан Шұғыла

17 o "40 м2" ("Қырық квадрат метр") Дарина Манапова

18 "Interius" ("Ішінде") Диас Изімжанов

19 o "Жабайы күндер" Самғар Рахым

20 "Жасырынбақ" Венера Қайыржанова

21 o "Хат" Иділ Мұсатаев

22 o "Lost" Бақытжан Урахаев

23 o "Қыстыӊ соӊы" Имір Именов

24 o "Мараттыӊ бейнежазбасы" Илімжан Құдабаев

25 o "Бітеу жара" Сая Омар

26 "Толғау" Аян Найзабеков

27 "Қош бол, досым" Тимур Сердалин

"Анимациялық кино"

№ Атауы Режиссер

1 "Өркеш" Иван Ардашов

2 "Серіктес" Данияр Икежан

3 "Роботбек" Жандос Илианқұлов

4 "Аққу" Ділшат Рахматуллин

5 "Ораман қожайыны" Айдар Жұмажанов

6 "Арман" Ерсұлтан Салтанат

7 "Құмырсқа қанағаты" Рауан Мейірбеков

8 "Жолдыныӊ күйі - ҚАРА ЖОРҒА" Ділшат Рахматуллин

9 "Жарқын елес" Томирис Дәулетова

10 "Бағдаршам" Айдар Жұмажанов

11 "Тастанды" Рауан Мейірбеков

"Деректі кино"

№ Атауы Режиссер

1 o "Наири" Қайша Рахимова

2 o "Сені іздеймін" Тоғжан Нұрбацина

3 o "Crazy mom" ЖанАна Құрмашева

4 "Оӊтүстік" Зәуре Омарова

5 o "Uzbek Elegy" Бахтияр Исламов

6 o "Түстер үйлесімдігілі" Евгений Лумпов

7 o "Қасапшыныӊ бір күні" Нұрсұлтан Нұсқабеков

8 o "Жыраққа" Сәбина Ибдімәлік

9 o "Өйткені сүйемін" Камилла Абд,

Камилла Бердімұратова

Биылғы жылы жеӊімпаздар келесі 13 номинация бойынша анықталады: Бас жүлде, "Үздік режиссер", "Үздік оператор", "Үздік қоюшы-суретші", "Үздік сценарий", "Үздік тәжірибелік фильм", "Үздік деректі фильм", "Үздік анимациялық фильм", "Үздік актер", "Үздік актриса", "Үздік дыбыс", "Бродвей" таӊдауы" және "Қазылар алқасыныӊ жүлдесі".

Фильмдерді актер, режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбай, актриса әрі продюсер Баян Алагөзова, Өзбекстан жас кинематографшылар кеӊесініӊ төрағасы, продюсер Ойбек Абдушукуров, актриса Аружан Жазылбекова, дыбыс режиссері Денис Коноплев, режиссер, актер Баймұрат Жұманов, дерекші-режиссер Катерина Суворова, "Қазақфильм" жанындағы "Анимациялық кино" ШӨБ жетекшісі Адай Ибелдинов және қоюшы-суретші Яна Тюлькина бағалайтын болады.

Кинотанушысы әрі киносыншысы, FIPRESCI пен NETPAC мүшесі, Қырғызстан кинематографшылар одағыныӊ мүшесі Гүлбар Толомушова комиссия төрағасы болып сайланды.

Көрсетілімді Жаннат Алшанованыӊ "Маусым соӊы" картинасы ашады. Фильм 71-ші Канн кинофестивалініӊ Cinefondation қысқаметражды таспалар байқауына қатысқан болатын.

Baikonyr Short Film Festival ұйымдастырушысы - "Бродвей" кинопорталы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны