15.12.2025, 17:20 5646

KazAID қызметіне бес жыл: Қазақстанның жаһандық орнықты дамуға қосқан үлесі

KazAID қызметіне бес жыл: Қазақстанның жаһандық орнықты дамуға қосқан үлесі
Сурет: gov.kz
Қазақстанның халықаралық даму жөніндегі KazAID агенттігіне бес жыл толды. Агенттік Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысымен ресми даму көмегi саласындағы ұлттық оператор ретінде құрылып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы ұйым болып табылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Осы кезең ішінде KazAID Қазақстанның жаһандық дамуға қосқан нақты үлесін іске асыратын тиімді құралға айналып, елдің халықаралық көмекті алушы мемлекеттен табысты тәжірибесін бөлісетін донор елге айналғанын көрсетті. Бүгінде KazAID цифрландыру, білім беру және медицина салаларында жобаларды жүзеге асырып, Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның орнықты дамуы мен адами капиталын нығайтуға қолдау көрсетуде.

KazAID Қазақстанның үздік тәжірибелерін ілгерілетіп, сарапшылар арасындағы білім алмасуды қамтамасыз етеді және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді. Бес жыл ішінде 34 млн АҚШ долларынан астам сомаға гуманитарлық көмек көрсетілді, ал ресми даму көмегі жобаларын қаржыландырудың жалпы көлемі 183 млн АҚШ долларына жетіп, 40-тан астам елді қамтыды.

KazAID-тің миссиясы - нәтижеге бағытталған техникалық көмек көрсету арқылы серіктес елдерде орнықты және инклюзивті дамуға жәрдемдесу.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны