27.07.2017, 19:34 3961

Қазақфильм "Қазақ хандығы" сериалыныӊ екінші маусымына кастинг жариялайды

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Қазақ хандығы" сериалыныӊ екінші маусымына кастинг жариялайды.

Алматы. 27 шілде. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Қазақ хандығы" сериалыныӊ екінші маусымына кастинг жариялайды.Сериалды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша "Қазақфильм" киностудиясы түсіреді. Сериалдыӊ режиссері - Рүстем Ибдірашов ("Қаладан келген қыз", "Сталинге сыйлық", "Балалық шағымныӊ аспаны", "От өзен", "Темір тау", "Тығырықтан жол тапқан", "Қазақ хандығы. Алмас қылыш").

Кастинг талаптары:

o 3 жастан 10 жасқа дейінгі балалар

o 18 бен 80 жас аралығындағы әйелдер мен ер адамдар

o Ұлты: барлық ұлт өкілдері қатыса алады

o Ийелдердіӊ татуажсыз, жасанды кірпіксіз және бет бояуынсыз келулерін сұраймыз.

Кастинг Алматыда 25 шілдеден 10 қыркүйекке дейін төмендегі мекен жай бойынша жүреді.

Ил-Фараби даӊғылы, 176, "Қазақфильм" киностудиясы, ПЛК ғимараты, 2-ші этаж, 255 кабинет.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны