30.01.2009, 17:55 3308

Қазақстанда 2008 жылы қан айналу жүйесінің ауруларынан болатын өлім көрсеткіші 7,2% азайды - Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда 2008 жылы қан айналу жүйесінің ауруларынан болатын өлім көрсеткіші 7,2% азайды - Денсаулық сақтау министрлігі

Астана. 30 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2008 жылы қан айналу жүйесінің ауруларынан болатын өлім көрсеткіші 7,2% азайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мекеме басшысы Жақсылық Досқалиев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаның" жүзеге асырылуы нәтижесінде бұл аурулардан болатын өлімдерді 7,2% азайтуға мүмкіндік туды. Басқа елдермен салыстырғанда біз 6-шы орындамыз", - деді министр. Ол 2008 жылы Денсаулық сақтау министрлігі басты денсаулық параметрлерін ТМД аясындағы бес, дамыған бес елмен салыстыра бағалағанын айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны