20.12.2010, 17:31 4079

Қазақстанда 208 ұшақ қауіпсіздік талаптарына сай болмауына байланысты қолданыстан алынды

Қазақстанда 208 ұшақ қауіпсіздік талаптарына сай болмауына байланысты қолданыстан алынды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Көлік және коммуникация министрі Ибілғазы Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 20 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 208 ұшақ қауіпсіздік талаптарына сай болмауына байланысты қолданыстан алынды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Көлік және коммуникация министрі Ибілғазы Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгінде ұшақтар паркі ескірген. Біз 208 ұшақтың қауіпсіздік талаптарына сай болмауына байланысты оларды қолданыстан алып тастауға мәжүбір болдық",- деді И. Құсайнов.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, пайдаланудан алынып тасталған ұшақтардың барлығы ұшу қауіпсіздігінің талаптарына сай келмеген. Сонымен қатар, азаматтық авиация туралы жаңа заң негізінде "Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорыны құрылып, жаңа авиакомпанияларды ашуға моратория енгізілген, сондай-ақ авиакомпаниялардың саны 69-дан 53-ке қысқарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны