19.05.2006, 12:44 3025

Қазақстанда аккредитацияланған елшіліктердің өкілдері танысу мақсатындағы сапармен Батыс Қазақстан облысында жүр

ОРАЛ. 19-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанда аккредитацияланған елшіліктердің өкілдері танысу мақсатындағы үш күндік сапармен Батыс Қазақстан облысында жүр, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Өкілдер құрамында Беларусь, Италия елшіліктерінің, Илемдік банк өкілдігінің, Изербайжан, Грузия, Бельгия, Канада, Польша, Ресей, Словакия, Тәжікстан, Украина елшіліктерінің жетекшілері бар.

Сапардың алғашқы күні елшілер «Василец»ЖШС, «Машина жасау компаниясы»АҚ, мен «Орал «Зенит» зауытында болды.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Ишімов елшілермен кездесу кезінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы әңгімелеп берді. Оның айтуынша, Батыс Қазақстан облысы дүниежүзінің 83 елімен ынтымақтасады. Соның ішінде Ресей, Беларусь, Израиль және АҚШ-пен етене жақын байланыс орнаған.

Бүгін елшілік жетекшілері Қарашығанақ кенішіне барады. Сенбіде олар Дарьинск ауылындағы Михаил Шолоховтың мұражай-үйін аралайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны