25.04.2016, 16:23 3928

Қазақстанда бүкіләлемдік иммундау апталығына арналған онкүндік басталды

2016 жылдыӊ 24-30 сәуір аралығында еліміздіӊ барлық аймақтарында бүкіләлемдік иммундау апталығына орай ұйымдастырылған "Иммундау шараларындағы кемшіліктерді жою" үранымен онкүндік өтуде

Астана. 25 сәуір. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 24-30 сәуір аралығында еліміздіӊ барлық аймақтарында бүкіләлемдік иммундау апталығына орай ұйымдастырылған "Иммундау шараларындағы кемшіліктерді жою" үранымен онкүндік өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ мақсаты - иммундаудыӊ қоғамныӊ саулығы мен амандығы үшін маӊыздылығы туралы халықтыӊ хабардарлығын арттыру.

Барша әлемде вакциналау жұқпалы аурулармен күресудегі үнемді, қолжетімді әрі тиімді құрал ретінде танылған. Қазақстанда Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 21 құпалы ауруға қарсы халықты вакцианалау тегін жүргізіледі. Еліміздіӊ Ұлттық егу күнтізбесі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұймыныӊ (әрі қарай - ДДСҰ) ұсынымдарына сай келеді. Халықты иммундау тегін жүргізіледі. Вакциналау үшін ДДСҰ сертификаттаған, сапасы кепілдендірілген вакциналар қолданылады.

ДДСҰ отбасыларына балаларды ауруларға қарсы міндетті түрде вакциналауды ұсынады.

Атап өту керек, вакциналаудан бас тарту - еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" Мембағдарламасыныӊ аясында Ұлттық иммунологиялық профилактика регистрін жасау мен енгізу, жұқпалы ауруларды ескерту мен олардыӊ алдын алу бойынша қоғамды әлеуметтік жұмылдыру бойынша жоспарды жүзеге асыру, еліміздіӊ барлық өӊірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайдыӊ алдын алу мен оны бақылау жүйесін жетілдіру жоспарланып отыр.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі СӨС Ұлттық орталығы Бүкіләлемдік иммундау апталығы аясында өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша ұсынымдарды әзірледі. Бұл - отбасын жоспарлау, босануға дайындалу, жас аналар мектептері мен дені сау балалар кабинеттерініӊ қатысушыларын ауруларды ескерту шаралары жайында, оныӊ ішінде Ұлттық егу күнтізбесіне сай уақытылы иммундау туралы хабарландыру, вакциналау мен оныӊ тиімділігі туралы ата-аналармен жүргізілетін жұмыстыӊ сапасы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету саласыныӊ медициналық қызметкерлері үшін оқыту семинарлары мен тренингтерді ұйымдастыру, босану үйлері, перинаталдық орталықтар, ауруханалар мен емханалардыӊ балалар бөлімінде имуннологиялық профилактика туралы ақпараттық-ағартушылық материалдарды тарату арқылы дәрістер оқу, адам паппиломасы вирусына қарсы вакциналау жатыр мойны қатерлі ісігін болдырмайтынын, "В" геппатитіне қарсы - бауыр циррозы мен қатерлі ісігін, әйел адамдар үшін қызылша мен қызамыққа қарсы - түсік тастау, баланыӊ бойында туабітті ауыр ауытқуларыныӊ орын алуына жол бермейді.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында "Аурулардыӊ алдын алудағы иммундаудыӊ маӊызы", "Арнайы және арнайы емес вакциналау деген не?" тақырыптарына дөӊгелек столдар өткізу, "Вакцина ма әлде ауру ма? Қайсысы дұрыс?" тақырыбына байқау; жетекші медициналық мамандарды шақыру арқылы "Вакциналау - аурудан қорғану", "Вакциналаумен бірге сапалы өмір" тақырыптарына конференциялар, дебаттар мен пікірсайыстар өткізу, ЖОО, колледж студенттері қатарынан "теӊ-теӊімен" қағидасы бойынша жастар арасында вакциналау бойынша ақпараттық жұмыс жүргізуге ерікті жастарды жинау т.б. ұсынылды.

Бүкіләлемдік иммундау апталығы аясында өткізілетін шаралар еӊ алдымен, халық арасында иммунопрофилактикаға деген сенімді көзқарас қалыптастыру, халықты, медицина қызметкерлерін иммунопрофилактиканыӊ қауіпсіздігі, жұқпалы ауруларға қарсы қорғаныс қажеттілігі және қоғамды иммундаумен жеткіліксіз қамтудыӊ салдары туралы ақпараттандыру шараларына бағытталған.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны