22.01.2007, 14:05 3984

Қазақстанда технологиялық даму стратегиясының жобасы жасалады

АСТАНА. 22-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстанда технологиялық даму стратегиясының жобасы жасалады. Бұл туралы бүгін Қазақстанның технологиялық дамуын айқындау мақсатындағы зерттеулердің қорытындысын талқылауға арналған халықаралық бас қосуда инжиниринг және технологиялар трансферті орталығының президенті Серік Бегімбетов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Еліміздің индустрия және сауда министрлігі таяу уақыттарда Қазақстанның технологиялық даму стратегиясының жобасын жасауға кіріседі",- деді С.Бегімбетов. "Құжат алдағы жылдарда ғылыми-техникалық бағытта жүзеге асырылады деп межеленген реформалардың шартына айналуға тиіс",- деді ол.

Бас қосуда инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы сондай-ақ отандық технология ғылымының қазіргі ахуалы туралы алдын-ала есепті жария етті.

"Бұл зерттеу Қазақстанның технологиялық даму стратегиясының жобасын жасауға ағымдағы жылы кірісіп кету үшін жасалды",- деді орталықтың вице-президенті Дияс Мырзақожа.

Д.Мырзақожаның айтуынша, зерттеулер металлургия, машина жасау, құрылыс материалдары, нанотехнологиялар, ақпараттық технологиялар, биотехнологиялар және мұнайхимиясы секілді жеті технологиялық бағыттар бойынша жүргізілген. Зерттеулерге еліміздің барлық өңірлерінен 200-ден астам өнеркәсіп орындары мен 50-ден астам ғылыми ұйымдары жұмылдырылды.

Сонымен бірге ҚР білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Қазақстандағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың материалдық-техникалық базасының қазіргі ахуалына қатысты аудит жүргізіліп, ғылым мен өндіріс секторының арабайланысының даму деңгейіне зерттеу жүргізілді.

Зерттеулерге Кембридж университеті мен Ирландияның ғылыми қорының сарапшылары қатысты.

"Зерттеулердің қорытындысы жоғарғы ғылыми-техникалық комиссияның отырысында 29-қаңтарда таныстырылады, комиссияға республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов төрағалық ететіні белгілі",- деді Д.Мырзақожа.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны