25.07.2008, 13:24 1735

Қазақстандықтар қараша айынан бастап электронды төлқұжат ала бастайды - Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі

Қазақстандықтар қараша айынан бастап электронды төлқұжат ала бастайды - Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі

Астана. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандықтар қараша айынан бастап электронды төлқұжат ала бастайды. Бұл туралы бүгін "Қазақстанда электронды құжат айналымының жетістіктері мен даму перспективалары" атты конференция барысында "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқармалары төрағасының орынбасары Изиза Көпбосынова мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Еуропалық Одақ 2009 жылдың 29 шілдесінен бастап электронды төлқұжат пайдалана бастайды. Бұл төлқұжаттар Еуропалық Одаққа баруға арналған құжатқа айналады, біраз уақыттан кейін ол жаққа осындай электронды төлқұжатсыз баруға мүмкін болмай қалады", - деді И. Көпбосынова. "Қазақстандықтар үшін бұл қорқынышты емес. Біз қазір екі электронды төлқұжат шығардық. Біреуі - Қазақстан президентке, екіншісі- үкімет басшысына тиесілі. Қарапайым азаматтар мұндай құжатты осы жылдың қараша айынан бастап алады", - деді ол.

Оның айтуынша, "бұл құжаттарды әділет министрлігі шығарған, бірақ, чипте қолданылатын, төлқұжатқа орнатылатын электронды сандық тәсілмен қойылған қолды Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын электронды құжаттарды куәландыру орталығы шығарған".

Бұл орталық ұлттық идентификациялық жүйенің ашық кілттері инфрақұрылымын құру жобасының аясында өнеркәсіптік пайдалануға берілген. Орталық Сингапурда бас пәтері орналасқан ашық кілттер аумағында тіркелген. Бұл әлемнің барлық елдерінің осы тектес куәландыру орталықтары шығарған барлық кілттерді тіркейтін біртұтас аумақ. "Сөйтіп, біз ұлттық идентификациялық жүйені құру жолында үлкен қадам жасадық", - деді И. Көпбосынова.

"Бірақ, электронды төлқұжаттарды Иділет министрлігі таратады, ал біз, Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі электронды сандық қол қоюдың кілтін шығардық", - деді ол.

И. Көпбосынованың айтуынша, "электронды және биометриялық төлқұжат бірдей деуге болады : чипке биометриялық мәліметтер енгізіледі". "Электронды төлқұжат қарапайым төлқұжаттан айнымайды, бір ғана ерекшелігі - онда осы төлқұжатта чип бар екенін және онда биометриялық мәліметтер, оның жеке басына қатысты барлық мәліметтер бар екенін, және оларға электронды қол қою кілтімен қол қойылғанын көрсететін кішкентай белгісі бар", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны