19.05.2011, 11:00 2894

Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, қатты жел соғады деп күтілуде

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның шығыс жартысында ауа райы тұрақсыз болады. Аталған өңірлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, күшті жел соғады деп күтілуде.

Астана. 19 - мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, қатты жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның шығыс жартысында ауа райы тұрақсыз болады. Аталған өңірлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, күшті жел соғады деп күтілуде.

Ал оңтүстікте, таулы аймақта нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Шығыста түнгі уақытта үсік сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Маңғыстау облысының кей өңіріне тұман түсуі мүмкін. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде 0-3 градус суық сақталады.

Таяу тәулікте Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының тау өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Қазақстанның басқа су нысандарында айтарлықтай өзгерістер байқалмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны