13.05.2011, 13:16 3546

Қазақстанның басым аумағында жұма күні жаңбыр жауады деп күтілуде

"Қазгидрометтің" хабарлауынша, бүгін Қазақстанның оңтүстік-батыс, орталық және солтүстік өңірлері өзімен бірге жауын-шашындар, найзағай мен қатты жел алып келетін - атмосфералық ағындардың ықпалында болады.

Астана. 13 - мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында жұма күні жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазгидрометтің" хабарлауынша, бүгін Қазақстанның оңтүстік-батыс, орталық және солтүстік өңірлері өзімен бірге жауын-шашындар, найзағай мен қатты жел алып келетін - атмосфералық ағындардың ықпалында болады.

Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жылдамдықта жел соғып, ауа температурасы түнде 0-2 градусқа дейін төмендейді. Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғып, кей өңірлерде шаңды дауыл соғады.

Ақмола, Павлодар және Атырау облыстарының жекелеген аумақтарында 15-20 м/с екпіндегі жел соғады деп күтілуде. Маңғыстау облысы өзендерінің жағалауын тұман басып, күндіз жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 0-2 градусқа дейін тмендеуі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны