06.06.2017, 16:50 4310

Қазақстанныӊ белгілі сарапшылары ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мәселелерін талқылады

2017 жылдыӊ 6 маусымында Алматы қаласында ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы Қоры жанындағы Илемдік экономика және саясат институты "Ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мен жандандыру" тақырыбы бойынша дөӊгелек үстел өткізді.

Алматы. 6 маусым. Kazakhstan Today - 2017 жылдыӊ 6 маусымында Алматы қаласында ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы Қоры жанындағы Илемдік экономика және саясат институты "Ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мен жандандыру" тақырыбы бойынша дөӊгелек үстел өткізді.

Дөӊгелек үстел жұмысына белгілі отандық сарапшылар мен саясаттанушылар қатысты. Олардыӊ қатарында: Айдар Иміребаев - Қолданбалы саясаттану мен халықаралық зерттеулер орталығыныӊ жетекшісі; Айдос Сарым - саясаттанушы; Рүстем Қадыржанов - ҚР БҒМ ҒК философия, саясаттану және дінтану институты саясаттану бөлімініӊ этносаяси зерттеулер секторыныӊ меӊгерушісі; Қанат Нұров - "Аспандау" қорыныӊ президенті; Бөріхан Нұрмұхамедов - саясаттанушы; Дәурен Сәкенұлы - "Рейтинг.KZ" зерттеу агенттігініӊ директоры. Дөӊгелек үстелге қатысушылар Мемлекет басшысыныӊ "Рухани жаӊғыру: болашаққа бағдар" бағдарламалық мақаласы аясында Қазақстандағы ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мен жандандыру және жүзеге асыру мәселелерін, сонымен қатар, бұл процесске әсер ететін факторлардыӊ алдын-алуды талқылады.

Сарапшылардыӊ айтуынша, урбанизация мен мәдени жаһандану процесстеріне байланысты өзгеріп отыратын қоғам мен қоғамдық сананыӊ дағдылануы әлеуметтік-экономикалық жетістіктіӊ маӊызды көрсеткіші болып табылады. Сондай-ақ, қатысушылар ұлттық мәдени код пен ұлттық бірегейлікті сақтау, ұлттық сананыӊ әртүрлі полюстерін келістіру де өте маӊызды шарт екенін атап өтті.

Жалпы, пікірталасқа қатысқан мамандар біздіӊ қоғамға қатысты жаӊғырту жұмыстары қалай жүзеге асатынын әлі де түбегейлі зертеу керектігін айтты. Олардыӊ сөзінше, ұлттық бірегейлікке қатысты жаӊғырту процессі барысында туындайтын ішкі және сыртқы сын-тегеуріндерге көп көӊіл бөлу керек.

Атап өтейік, ИЭСИ пікірталас алаӊы Ұлт Көшбасшысыныӊ стратегиялық идеяларын насихаттау мен оларды жүзеге асырудағы тәжірибелік жолдарды қалыптастыру мақсатында жұмыс жасап келеді.

Анықтама: Қазақстан Республикасыныӊ тұӊғыш Президенті - Елбасы Қорыныӊ жанындағы әлемдік экономика және саясат институты 2003 жылдан бері жұмыс істеп келеді. ИЭСИ Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президентініӊ мемлекеттілікті құру мен қалыптастыру, халықаралық серіктестікті дамыту, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудағы елеулі еӊбектерін зерттейді. ИЭСИ ғылыми және аналитикалық жұмыстары ұлттық, әлемдік экономиканыӊ, халықаралық қарым-қатынастыӊ, геосаясаттыӊ, қауіпсіздіктіӊ, интеграцияныӊ, қазақстандық қауымдастықтыӊ әлеуметтіӊ шоғырын, сонымен қатар, ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ стратегиялық бастамаларыныӊ ауқымды спектрін қамтиды. 2014 жылдан бастап ИЭСИ Астанадағы "Назарбаев орталығы" ғимаратында жұмыс жасауда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны