10.11.2022, 13:40 31431

Казинода ойнаған әскерилерге қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде

Казинода ойнаған әскерилерге қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде
Сурет: Depositphotos
Астана. 10 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Сенат кулуарларында әскери қызметшілердің құмар ойындарға қатысу фактісіне түсініктеме берді, онда мемлекеттік қызметшілер жалпы сомасы 500 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған еді.
 
Министрдің айтуынша, құмар ойындарын ойнаған әр әскери қызметкерге қызметтік тергеу тағайындалған.
 

Онда әскери қызметшілер емес, әскери күштердің қызметкерлері де бар. Олардың әрқайсысы бойынша қазір қызметтік тергеу тағайындалған. Тергеу қорытындысына сүйене отырып, мен одан әрі қызметті жалғастыру туралы шешім қабылдаймын. Бірақ алдымен тергеу жүргізейік", - деп түсіндірді министр Сенат отырысында.

 
Бұл ретте ведомство басшысы казинода ұтылғандардың жоғары құрамға қатысы жоқтығын, құмар ойнағандардың "тәжірибесіз жастар" екенін де атап өтті.
 

Бізде бәрі бар, қызметтік тергеу жүргізілуде. Бұл әскери қызметшілердің орташа құрамы. Жоғары құрамнан емес. Білесіз бе, жоғары құрамның оған уақыты жоқ, өйткені біз үнемі далада боламыз, жұмыс істейміз. Біздің әскери қызметшілер көрсетшкіші бойынша қаражат сомасы аз. Кейбір жерде жастар тәжірибесіз", - деді Руслан Жақсылықов.

 
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының прокуратурасы жүргізілген тексеру барысында құмар ойындарға 507 миллион теңге жұмсаған 305 мемлекеттік қызметші анықталғанын растады. Олардың ішінде ІІМ-нің 97 қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 95 қызметкері, Қаржы министрлігінің 25 қызметкері, Жоғарғы Соттың 7 қызметкері, Қаржылық мониторинг агенттігінің 15 қызметкері, Антикордан 3 қызметкер және 36 өңірлік мемлекеттік қызметші бар.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны