15.10.2015, 19:18 5557

Қазпочта трек нөмірі бар электронды марка шығарды

"Қазпочта" АҚ қарапайым хаттарды трек нөмір арқылы бақылауға болатын, электронды маркалары қойылған конверттерді қолданысқа енгізді, деп хабарлады компанияныӊ баспасөз қызметі

Астана. 15 Қазан. Kazakhstan Today - "Қазпочта" АҚ қарапайым хаттарды трек нөмір арқылы бақылауға болатын, электронды маркалары қойылған конверттерді қолданысқа енгізді, деп хабарлады компанияныӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қарапайым хаттар көптеген елдерде трек нөмірсіз жіберіліп, ақпараттық жүйелерде бақыланбайды. Бақылау жүйесі тек тіркелген хаттарда және сәлемдемелерде болатын. Қазақстан ТМД елдерінде бірінші болып осы жобаны енгізді. Қазіргі таӊда қызметпен ШҚО, ОҚО және Астана тұрғындары қолдана алады" - деп "Қазпочта" АҚ Басқарма Төрағасы Бағдат Мусин түсіндірді, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Электронды маркасы бар хаттар абоненттік жәшікке дейін, конверттіӊ бетінде басылған трек нөмір арқылы бақыланады. Сондықтан, конвертке марканы жабыстырудыӊ қажеті жоқ.

Конверттер екі түрде шығарылады 110х220 мм және 162х229 мм, 20 граммға дейінгі қарапайым хатты жіберу бағасы 60 теӊге, қосымша қызмет ретінде бақылау мүмкіндігін қосу 40 теӊге.

Бақылау жүйесі компанияныӊ ресми сайтында, MyKazpost мобильді бағдарламасында және көпшілікке мәлім "Telegram" мессенджеріндегі сәлемдеменіӊ немесе хаттыӊ орналасқан жері ауысқан кезде лезде хабарлайтын @KazPostBot атты жүйеден қарауға болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны